Әскерилер мен банк қызметкерлері тексерістен өтуде

897

Алматыда медицина саласында жұмыс істейтін 37 адам індет жұқтырған. 

Әскерилер мен банк қызметкерлері тексерістен өтуде

Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу жұмыстарына белсенді түрде араласып жүрген әскерилер, халыққа көмек көрсететін банк қызметкерлері және базарларда азық-түлік сататын саудагерлер COVID-19-ға тексерістен өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

"Профилактикалық шараларға қатысып жүрген әскерилер, халықпен етене байланысқа түсетін банк қызметкерлері, базар саудагерлері, пошташылар барлығы тексеріліп жатыр. Тек бүгін ғана 1064 адамды тексерістен өткіздік", – деді Айзат Молдағасымова.

Департамент басшысы бірінші кезекте инфекция жұқтырғандармен байланысқа түсетін медицина саласында жұмыс істейтін мамандар тексеріліп жатқанын айтты. 

"Алматыда медицина саласында жұмыс істейтін 37 адам індет жұқтырған. Оның 7-уі Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары. Орталық ауруханада да індет жұқтырғандар анықталды", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу