Әскерилер оқ-дәрілерді кәдеге жарату машығын жетілдіруде

1164

Қарулы күштерді минасыздандыру орталығында инженерлік-саперлік роталардың командирлерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр.  

Әскерилер оқ-дәрілерді кәдеге жарату машығын жетілдіруде

Әскери саперлер оқ-дәрілерді кәдеге жарату машығын жетілдіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жиын барысында инженерлік әскерлердің офицерлері инженерлік, авиациялық, артиллериялық оқ-дәрілердің негізгі түрлерін және олардың ерекшеліктерін зерделеу сабақтарын өткізеді.

"Тәжірибе сабақтары "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында өтеді. Арнайы жабдықталған қалашықта саперлер жергілікті жерді жарылыс қаупі бар қалдықтардан тазарту, оның ішінде оларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөнінде оқу тапсырмаларын пысықтайды. Қалдықтарды жару жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылады. Жұмыстар инженерлік қару-жарақтың заманауи құралдарын пайдалана отырып жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Әскерилер теориялық және практикалық сынақтарды тапсыру арқылы жеткілікті білім деңгейін растай отырып, жұмыс істеуге рұқсат алады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығына сақтауға қауіпті және пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді жою мен оларды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету  шараларын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу