Әскерилер Судан премьер-министрінің үйін қоршап алды

721

Қыркүйек айында Суданда тағы бір мемлекеттік төңкеріс әрекеті орын алды.

Әскерилер Судан премьер-министрінің үйін қоршап алды

Судан Премьер-министрі Абдалла Хамдуктың үйін әскерилер қоршап алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Хамдук үй қамағында. Сонымен қатар төрт министр мен елдегі тәуелсіз кеңестің азаматтық өкілі Мұхаммед әл-Факи ұсталды. Өнеркәсіп министрі Ибрахим әл-Шейх те оның үйіне әскерилердің баса-көктеп кіргенін мәлім етті.

Қыркүйек айында Суданда тағы бір мемлекеттік төңкеріс әрекеті орын алды. Басқарушы әскери-азаматтық кеңестің мүшесі Мұхаммед әл-Фикки Сүлейманның айтуынша, бұл операцияны әскери қызметшілер жүргізген. Олар бірнеше мемлекеттік институтты басып алмаққа ниеттенген. Бірақ жоспарлары жүзеге аспай қалды. Полиция ереуілшілерді тарату үшін арнайы құралдарды қолданды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу