Әскерилердің 96,5 пайызы дауыс берді

1099

Әскери бөлімдердің аумағында 19 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Әскерилердің 96,5 пайызы дауыс берді

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Әскери бөлімдердің аумағында 19 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Қазіргі сәтке дейін әскерилердің 96,5 пайызы дауыс берді", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың және Қарулы күштер басшылығының таңертеңнен таңдауын жасағаны айтылған.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу