Әскерилердің рационына жылқы, қой, түйе етін қосу жоспарланған

1269

Сонымен қатар, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылған. 

Әскерилердің рационына жылқы, қой, түйе етін қосу жоспарланған

Орталық коммуникациялар алаңында өткен бриыингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев әскерилердің тамақтану оационы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша халқымыздың ұлттық асханасы ерекшеліктерін ескере отырып, сарбаздардың ас мәзіріне жаңа тағамдар қосу жоспарланған.

 "Әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту үшін Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда әскерилердің тамақтануы рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз, балық етін қосу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындар да ұсынылуы мүмкін", - деді Руслан Тапашев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу