"Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары және тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелері, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары белсенділігі жойылған вакцина арқылы ревакцинация жүргізеді", – деп ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев атап өтті.
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ревакцинация жүргізу туралы қаулысына сәйкес COVID-19 қарсы екпенің толық курсынан кейін алты ай өткенде қайта екпе салу қажет.
Бас әскери-медициналық басқармасы ел Қарулы Күштеріндегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында тұрақты екенін атап өтті.