Әскерилерге тасымалдауға болатын баспана беріледі

872

Әскерилерге арналған модульді тұрғын-үйлер пайда болады. Қызметтік баспана ретінде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әскерилерге тасымалдауға болатын баспана беріледі

"Бұл үйлер барлық стандартқа сай келеді. Коммуникация желілері тартылады. Жаңа технологияның мүмкіндігі көп. Мобильді үйлерді тасымалдауға болады. Жылдам бұзылып, лезде құрылады. Үш бөлмелі пәтерлер болады", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бағасы әдеттегі тұрғын-үйлерден төменірек болады. Баспана кезегінде тұрған барлық аймақтағы қызметкерлерді қамту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу