Әскерлер елдің батысы мен солтүстігіне жіберілді

1145

Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдері елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әскерлер елдің батысы мен солтүстігіне жіберілді

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, маневрға ведомствоаралық, түраралық әскер топтарынан жалпы саны 9 мыңға дейін адам, 3 мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен сегіз корабль тартылды.

"Қарулы Күштерді алыс қашықтыққа жылжуға әзірлікте ұстау қажеттілігі Қазақстанның ауқымдылығына байланысты. Әскерлерді жауынгерлік техникамен, теміржол және әуе көлігімен, оның ішінде азаматтық авиация мүмкіндігін пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдермен жеткізу жүзеге асырылды", - деп жазылған хабарламада.

Атап айтқанда алдыңғы шептегі бөлімшелер әскери-көлік және азаматтық авиация ұшақтарымен жеткізілді. Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері жауынгерлік техникасымен бірге өздеріне таныс емес полигондарға теміржол көлігімен жеткізілді. Жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау шеңберінде бөлімшелер белгіленген аудандарда орналасып, оларды инженерлік тұрғыдан жабдықтады.

Армиялық және майдандық авиация топтары жедел әуеайлақтарға және Ақтау – Жаңаөзен автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесіне қайта орналастырылды.

Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің акваториясында корабльдердің орналасу пунктерін күзетуді және қорғауды жүзеге асырады.

Кейін күштер мен құралдарды қолдануға байланысты оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады. Әскерлер әрекет етуінің сапасын Қарулы Күштердің бас штабы бағалайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу