Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды

533

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген.

Ыстамбұл мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

1998-1999 жж. – Екібастұз қаласындағы жеке фирмада заңгер болып қызмет атқарған.

1999-2001 жж. – Павлодар облысы Әділет басқармасының бас маманы.

2001-2003 жж. – Павлодар облыстық сотының бас маманы.

2003-2007 жж. – Павлодар қалалық сотының судьясы.

2007-2008 жж. – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

2008-2012 жж. – Екібастұз қалалық сотының төрағасы.

2012-2014 жж. – Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.

2014-2015 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2016-2021 жж. – Қостанай облыстық сотының төрағасы.

2021-2022 жж. – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

2022 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу