Аслан Түкиев жаңа қызметке тағайындалды

1773

Мемлекет басшысының 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Аслан Түкиев Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Жоғары соты.  

Аслан Түкиев жаңа қызметке тағайындалды

Аслан Сұлтанұлы 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2000 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын және 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітіргеннен кейін Түркияда, Германияда, Франция мен Латвияда ғылыми тағылымдамадан өткен.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

- Қарағанды қаласының ІІБ полициясының учаскелік инспекторы және тергеушісі,

- ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының Әкімшілік қызмет мәселелерін зерттеу орталығының басшысы болып қызмет атқарды.

2012 жылы – ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары;

2012-2014 ж.ж. – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры;

2014-2016 ж.ж. – "Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры;

2016-2018 ж.ж. – ҚР Заңнама институтының директоры;

2019-2020 ж.ж. – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары;

2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін – ҚР Жоғарғы Сотының судьясы;

Қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу мәселелері бойынша 100-ге астам ғылыми еңбектің авторы.

30-дан астам заң жобасын әзірлеуге, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын әзірлеу мен сараптауға қатысты.

ҚПК, ӘҚБтК және ӘРПК әзірлеушілерінің бірі.

"Мінсіз қызметі үшін" және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу