Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұның алдында сотталған ұлттық экономика министрлігі департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповтың шағымын қанағаттандырып, оған қатысты үкімді болдырмай, істі бас прокуратураға қайтарды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Нұр-Сұлтан қаласының №2 Есіл аудандық сотының 29 мамыр күні Асланбек Жақыповқа қатысты шығарған үкімін жою. Басты сот ісін тағайындауға кедергі болып отырған қылмыстық-процессуалдық заң нормаларындағы айтарлық заң бұзушылықтарды жою үшін қылмыстық іс Қазақстан бас прокурорына қайтарылсын", – деді сәрсенбі күні сот Шынар Ерғалиева.
Осыған дейін алаяқтық үшін сотталған Жақыпов сот алқасының қаулысымен сот залынан босап шықты.
"Жақыпов Асланбек Қуандықұлын қамауда ұстау шектеу шарасын кетіп қалмау туралы қолхатқа айырбастап, қамаудан дереу босатылсын. Қаулы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды", – деп толықтырды сот.
Соттың сөзінше, бірінші инстанция сотында жауап берген Жақыпов өз кінәсін мойындаған, бірақ істеген істі саралауға наразылық білдірген.
"Мұндай жағдайда сот істі прокурорға қайтару керек болатын. Алайда сотталушының айғақтарын жеткілікті бағаламаудан сот мұны жасамаған, сондықтан аппеляциялық инстанция соты едәуір заң бұзушылықтарды жою үшін аталған істі бас прокурорға жібереді", – деп түсіндірді сот.
Еске салар болсақ, мамыр айының соңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық соты ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі 2- тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қарамағындағы Жақыповқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, жұмыстан кететінін айтқан болатын.