Асланбек Жақыповтың ісі прокуратураға жолданды

1060

ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған. 

Асланбек Жақыповтың ісі прокуратураға жолданды

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповқа қатысты іс прокуратураға жолданды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл мәселеге қатысты аталған министрлік (Ұлттық экономика министрлігі - ред.) департаменттері бірінің басшысына қатысты жеделдетілген өндіріспен сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанымызды және оны мұнан ары сотқа жіберу үшін прокуратураға бағыттағанымызды айта аламын. Пара сомасы – 500 мың теңге", – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповтың ірі көлемде пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу