Аспан асты елі наразылықтардан кейін жаңа вакцинация жүргізбек

639

Қытай билігі коронавирусқа қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Олар мұны індеттің жаңа толқынымен байланыстырады. 

Аспан асты елі наразылықтардан кейін жаңа вакцинация жүргізбек Фото: LSM

Шешім Бейжіңнің COVID-19-ға қарсы күрестегі қатаң саясатының негізгі қағидасына айналған шектеулерге қарсы наразылықтар аясында қабылданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

"Біз қарсы көрсетілімдері жоқ және вакцинация критерийлеріне сәйкес келетін адамдарға, әсіресе егде жастағы адамдарға мүмкіндігінше тезірек COVID-19 вакцинасын алуды ұсынамыз. Қалғандарының барлығына жақын арада ревакцинация жасау керек" - деді Го Янхун, төтенше жағдайларға қарсы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

Күшейтілген полиция патрульдері бұрын наразылық шерулері өткен Шанхай аудандарында тазарту жұмыстарын жүргізіп, қайта тәртіп орнатады. Осы уақытта Гонконгтағы наразылық білдірушілер материктегі наразылық акциясына қатысушыларға қолдау білдірді. Үкіметке қарсы науқанға ұласқан бүкіл елді жайлаған көтерілістен кейін қытай билігі коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдету туралы шешім қабылдады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу