"Аспан" көппәтерлі тұрғын үй кешені проблемалық нысандар қатарынан шықты

1291

Жақын арада барлық 604 үлескер пәтер құжаттарына ие болады.

"Аспан" көппәтерлі тұрғын үй кешені  проблемалық нысандар қатарынан шықты

Елордада "сақалды құрылыстар" қатарындағы "Аспан" көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

7 блоктан 13 қабаттан тұратын, бизнес-орталығы және паркингі бар "Аспан" кешені пайдалануға берілді. ВАК ұсынысымен мұнда "Аспанды үй" тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, жақын арада барлық 604 үлескер пәтер құжаттарына ие болады. Маусым айының соңына дейін тағы 3 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) бақылауында 62 проблемалы нысан болды. ВАК жұмысының қорытындысы бойынша тұрақты бақылауға мұқтаж проблемалық нысандар саны 28-ге дейін қысқарды. Енді ВАК бақылауында бұрын проблемалық нысанға жатқызылған 23 нысан қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу