Күннің жанынан Жерден он есе үлкен құсқа ұқсас нысан байқалды

Ерекше объект ғарыштан түсірілген суретте анық бейнеленген.   

Күннің жанынан Жерден он есе үлкен құсқа ұқсас нысан байқалды Фото: t.me/lpixras/491

Ғалымдар "құстың" қанатының ұзындығы 150 мың шақырымға жететінін айтуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күннің жанындағы ұшатын аппаратқа ұқсайтын құрылымды Ресей Ғылым академиясының Қолданбалы математика институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы 24 мамырда UTC бойынша 10:00-де LASCO телескоптары түсірген. Суретте таңғажайып нысан анық көрінеді. Оның артынан ұзын "жарқыраған іздің" де сұлбасы бой көрсеткен. 

Ғалымдардың дерегінше, суретте нағыз қанатын жайған құс немесе от шашып бара жатқан ұшатын құрылғы секілді объект байқалады. Қанатының ұзындығы шамамен – 150 000 шақырым. Аталған нысан Жерден 10 есе үлкен, Күннен 2 миллион шақырым қашықта орналасқан. 

Ғалымдар қазірдің өзінде-ақ бұл құбылысты ғылыми тұрғыдан талқылауға ұсыныс жасап, бақылауды жөн санайды. 

– Бұл жолы кез келген нұсқа мен пікірге рұқсат етіледі, өзге ғаламшарлықтар, плазмалық тіршілік иелері немесе астыртын теориялар да талқылануы мүмкін, – делінген жазбаларда

Еске салайық, 2012 жылдың наурызында NASA орбиталық телескобы Күннің бетіне жақын маңда алып, қара түсті, планета көлеміндегі шар тәрізді объектті түсіріп алған-ды. Сол кезде оны "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі "Өлім жұлдызына" ұқсатқандар табылды. 

Десе де, NASA сарапшылары бұл ерекше құбылысты қызып, сосын ыршып шыққан газ, яғни Күннің бетінен атылып шыққан және жұлдыздың магниттік өрісімен ұсталып тұрған плазмалық зат деп түсіндірді. Анықталып тұрған құс тәрізді объект те осындай астрономиялық құбылыс болуы ықтимал. Мұны беймәлім ғарыштық құрылғы деп ойлайтындар да бар. Қазір ғылыми пікірталас жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу