Ассамблея атынан Зәкіржан Күзиев Мәжіліс депутаты болып сайланды

995

52 жастағы кәсіпкер Зәкіржан Күзиев Қазақстан халқы ассамблеясының атынан парламент мәжілісіне депутат болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме беріп.

Ассамблея атынан Зәкіржан Күзиев Мәжіліс депутаты болып сайланды

Айта кетейік, ол бұған дейін ҚХА төрағасының орынбасары болған. 

Дауыс беруге ассамблеяның барлық 425 мүшесі қатысты. Күзиевке ҚХА-ның 259 мүшесі немесе 60,94% дауыс берді. Виталий Тварионасқа – 128 адам немесе 30,12% дауыс берді. Ассамблеяның 25 мүшесі екі кандидатқа қарсы дауыс берді (5,88%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу