Жиында этномәдени бірлестіктердің өкілдері телеарна контенті мен мүмкіндіктерін талқылап, көрермендер сұранысына орай ұсыныстарын білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
Жалпы "Ассамблея ТВ" телеарнасы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартты. Ол "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникациялық компаниясының платформасында iD TV кабельдік теледидар пакетінде таратылады, сондай-ақ "TV+" мобильді қосымшасында қолжетімді.
""Ассамблея ТВ" мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыруда жетекші телеарна болу. Ал басты міндеті этномәдени бірлестіктердің қызметін және этно саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау болып табылады. Телеарна үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Әсіресе этносаралық татулықты нығайтатын мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз" – деді Этносаралық қатынастар комитетінің мүшесі Мейіржан Нұрадинов.
Телеарна эфирінен ҚХА жаңалықтары, мәдени, ойын-сауық бағдарламалары, Қазақстанда тұратын этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары көрсетіледі.