Ассамблеяның логотипі бар ту ғарышқа жіберіледі

283

8 сәуірде Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылады.  

Ассамблеяның логотипі бар ту ғарышқа жіберіледі Фото: Қазақстан халқы ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар екі ту ғарыш асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

8 сәуірде Байқоңырдан "Союз МС-27" ғарыш кемесі ұшырылады. Экспедицияның негізгі экипажының құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, NASA ғарышкері Джонатан Ким бар.

"Біз қазір бұл мәселені 7-8 сәуір күндері Қызылорда облысында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары форумы аясында пысықтаймыз. Форум қатысушылары ғарыш кемесін ұшыру сәтін тамашалайды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған эмблемасы және "Ассамблея жастары" логотипі бар екі ту сонда өтетін кездесу барысында табысталады", - деді  "Ассамблея жастары" бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Оның сөзінше, ту бір жыл бойы халықаралық ғарыш айлағында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу