1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты әрі "бейбіт адамдар қауымдастығының" негізін қалаған ирландиялық Мейрид Корриган АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденді, WikiLeaks-тің негізін қалаған Джулиан Ассанжды және оның ақпарат берушісі Челси Мэннингті Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы The Irish News басылымы хабарлады.
"Олардың әрқайсысы миллиондаған адамның өліміне кінәлі бірқатар үкіметтің заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, өздерінің бостандығы мен өмірін қауіп-қатерге тікті", – дейді Корриган.
Ол Сноуденнің, Ассанждың және Мэннингтің әрекеттері адам рухының ұлылығын аңғартады дегенді айтты.
Корриганның айтуынша, Сноуден АҚШ үкіметінің өз азаматтары мен басқа елдердің лауазымды тұлғаларын заңсыз түрде аңдығанын анықтағаннан кейін, қол қусырып отыра алмаған, ал Ассанж Иран мен Ауғанстандағы әскери қылмыстар туралы фактілерді жариялап, өзінің баспагерлік міндетін орындаған.
Табиғат Нұрболат
Фото: lenta.ru