Астан улану жағдайына кінәлі тұлғаға салынатын айыппұл көлемі өсті

2020

2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Астан улану жағдайына кінәлі тұлғаға салынатын айыппұл көлемі өсті

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша айыппұл мөлшері артады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық қоғамдық  денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

"Биылғы жылдың І тоқсаны бойынша қалада 342 санитарлық тексеру жүргізілді, қорытындысында 306 кәсіпкерлік субхектіге  жалпы сомасы 6,7 млн теңгенің айыппұлы салынды. 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер өз күшіне енетінін айтып өткен жөн. Оның ішінде санитарлық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін айыппұл көлемін ұлғайту да қарастырылған. Орташа есеппен алғанда айыппұл мөлшері 3еседен 10есеге дейін өсті, ал жеке позициялар бойынша 1,5 есеге артады", –  деді департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Бұдан былай, астан уланған жағдайда оған кінәлі деп танылған жеке тұлғаға 30 АЕК (бұрын 10 АЕК болды) айыппұл, шағын кәсіпкерлік себъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдардың қызмет басшыларына 230 АЕК (бұрын 20 АЕК болған) айыппұл, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК (бұрын 40 АЕК болған) айыппұл, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК (бұрын 120 АЕК болған) көлеміндегі айыппұл қарастырылған.

"Егер адам денсаулығына зиян тигізген жағдайда, қылмыстық іс болып табылмаса, шағын кәсіпкерлік себъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың қызметтегі басшыларына 460 АЕК (бұрын 300 АЕК болған) айыппұл, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 620 АЕК (бұрын 400 АЕК болған) айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің жұмысын тоқтату немесе азық-түлік тәркілеу шарасы да енгізілді.  Ал жеке тұлғалар үшін бұрынғысынша 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін 2000 АЕК көлеміндегі айыппұл сол күйінде қалды", ­–  дейді ол.

Осы тұрғыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті кәсіпкерлерді тиісті санитарлық ережелерді қатаң сақтауға және көктем-жаз мезгілінің келіп жетуіне  байланысты адамдардың тағамнан улануға жол бермеу керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, биылғы жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2525 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу