"Астана – Екібастұз" бағытындағы электр пойызы адам қақты

1198

Әзірге жағдайдың қалай орын алғаны белгісіз.

"Астана – Екібастұз" бағытындағы электр пойызы адам қақты

Ақмола облысы Ерейментау ауданында "Астана – Екібастұз" электр пойызы адамды басып кетті. 49 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай кеше, 30 қаңтарда орын алды.

"Астана – Екібастұз" бағытындағы №3004 электр пойызы бір адамды қақты, әзірге жағдайдың қалай орын алғаны белгісіз" – делінген хабарламада.

Ауыр жарақат алған адам Ерейментаудың аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Ер адамға алғашқы көмек көрсетілді, ол қолы мен аяғы кесілгеннен кейін көз жұмды. Полижарақат", – дейді медициналық мекемеден.

Қазір оқиғаның орын алуына қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу