Сейсенбі күні Қарағанды теміржол бөлімшесінің учаскесінде теміржол құрамы вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты тоқтатылған пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
"Апат салдарын жоюға Астана мен Қарағанды-Сұрыптау станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға барысын тексеруге "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу