Астана – Варшава әуе рейсі алдағы мамыр айында ашылады

787

Астана – Варшава әуе рейсі алдағы мамыр айында ашылады

Польша әуекомпаниясы Варшава – Астана – Варшава бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pm.kz.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе байланысы жөнінде келіссөздер жүргізу бойынша өткен (ICAN 2016) жыл сайынғы 9-конференциясы аясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің делегациясы Польшаның авиация билігімен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер нәтижесінде екі тараптың белгілеген әуекомпанияларының Астана, Алматы және Варшава қалалары арасында тұрақты әуе рейстерін орындауына мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі қарсаңында тағайындалған Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 2017 жылдың мамырынан Варшава – Астана – Варшава бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу