Астана-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары тексерілді

382

Вокзал ғимаратының қаңқасы мен шатыры толық аяқталған.

Астана-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары тексерілді Фото: gov.kz

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, жобаның іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мердігер ұйым өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы, бекітілген кестенің сақталуы және жобаны белгіленген мерзімде аяқтау шаралары туралы баяндады.

Жалпы ауданы 8 409 шаршы метр болатын нысанда ғимарат қаңқасын тұрғызу және шатырын орнату жұмыстары аяқталған. Қазір ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік коммуникацияларды монтаждау, жолаушылар перроны мен конкорстық өткелді салу жұмыстары жалғасып жатыр. Іргелес аумақты абаттандыру да қатар жүргізілуде.

Тексеру қорытындысы бойынша вице-министр мердігерге құрылыс қарқынын қамтамасыз етіп, жұмыс сапасына бақылауды күшейтуді және нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Астана-1 вокзалын жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жұмыстар аяқталған соң вокзалдың инфрақұрылымы жаңарып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу