Астанада 25 жастағы азамат бесінші қабаттан құлап кетті

709

Астанада 25 жастағы азамат бесінші қабаттан құлап кетті

Ақбұлақ таун" тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан жас жігіт құлап қаза тапты, деп хабарлайды оқиға куәгерлері. Бұл туралы sputniknews.kz жазып отыр.

Оқиғаға ересектер ғана емес, балалар да куә болған.

"Жас жігіт, жасы шамамен 25-те, терезеден құлап кетті. Аулада үй тұрғындары болған. Кенет бір нәрсенің құлаған дыбысын естідік. Қарасақ, адам құлап кетіпті. Бірден "жедел жәрдем" мен полиция келіп, бізден жауап алды. Қаза тапқан жігіттің құжаты бар екен", — деп хабарлайды көпқабатты үй тұрғындарының бірі.

Sputnik агенттігіне сұхбат беруші айтқандай, ер адам бұл үйде тұрмайды, біреуге қонаққа келіпті.

Астананың ішкі істер департаменті оқиғаны растады, мән-жай анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу