"Астана АЭК" лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

1229

Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.  

"Астана АЭК" лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

Елорданың аймақтық энергетикалық компаниясының лауазымды тұлғалары тергеуге алынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қылмыстық іс аталған компанияның қаражатын алаяқтық жолымен жымқыру фактісі бойынша қозғалыпты. Айыпталушылар: компанияның басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ оған бағынышты – "Сарыарқа" аймақтық энергетикалық компаниясының басшысы мен акционерлік қоғамның сату бөлімінің басшысы. Олар АЭК-тің табысын талан-таражқа түсіріп келген. Мәселен, заңды тұлғалардың тұтынған электр қуаты үшін акционерлік қоғамға төленетін қаражаттың 30 пайызын лауазымды тұлғалар пара ретінде иемденсе, 50 пайызы шығын ретінде есептен шығарылған. Тек қалған 20 пайызы ғана акционерлік қоғамға төленген. Осылайша, компания заңды тұлғалар тұтынған электр қуаты үшін төлемнің 80 пайызынан қағылып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу