Астана әкімдігі "бір терезе" форматымен қызмет көрсете бастады

633

Астана әкімдігі "бір терезе" форматымен қызмет көрсете бастады

Бүгінгі күннен бастап елорда әкімдігі халықпен жұмысын жаңа форматта жүргізе бастады. Басқармалар "бір терезе қағидаты бойынша" форматына көшірілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Енді қалалық басқармалар халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жұмыс істейді. Азаматтардың осында келіп, ресепшн арқылы өзіне қажет ақпаратты алуына болады.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін және кедергісіз қызмет көрсету мақсатында әкімдіктің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қалалық 15 басқарманың өкілдері тұрақты түрде консультация беріп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу