Астана әкімдігі 6 бүлдіршіннің ауруханаға түсуіне қатысты түсініктеме берді

1020

Астана әкімдігі 6 бүлдіршіннің ауруханаға түсуіне қатысты түсініктеме берді

Астанадағы №36 "Балапан" балабақшасында болған жағдайды мамандар тексеріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz. 
"Жетінші ақпан күні ата-аналар балаларының тамақтан уланған болуы мүмкін деген күдікпен шағымданды. Қазіргі таңда білім басқармасының арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды", - деді Жүргенбаева. 
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің қызметкерлері шақырылды. Тексеріс барысында сынама алынып, тағам бөлімі тексерілді. 
"Әзірге себебі анықталған жоқ. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін, тиісті шаралар қолға алынады", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 
Қазіргі таңда ауруханада алты бала мен екі ересек – тәрбиеші және бала күтуші жатыр. 
Бұған дейін "Астана" телеарнасы № 36 балабақшаның тәрбиешісі мен он бала  аяқ астынан ауырып қалғанын хабарлаған болатын. Бес жасар бүлдіршіндердің жүрегі айнып, іші өте бастаған, қызуы көтерілген. Ата-аналар дәрігерлердің балаларға әр түрлі диагноз қойып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу