Астана әкімдігі әуежай аумағына судан қауіп жоқ екенін хабарлады

949

Астана әкімдігі әуежай аумағына судан қауіп жоқ екенін хабарлады

Астана әуежайының аумағына су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК мен Астана қаласы ТЖД-нің қызметкерлері аталған аумақта жүргізген зерделеу шараларының қорытындыларына сәйкес, келетін судың мөлшері шамамен  280 млн м3 құрайтын болады.  Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов судың бір бөлігі су қоймасын толтыру,  тағы бір бөлігі контр реттеуішке түсіп, кейін Есіл өзенінің арнасын санитарлық тазалау мақсатында пайдаланылатынын айтты.

Қазіргі уақытта Майбалық көліндегі су көлемі шамамен 62 млн м3 құрайды. Судың максималды көлемі 80 млн м3–ге жетеді. Осы жылдың наурызында Астана қаласының әкімдігі Майбалық көлінен "Нұра-Есіл" арнасына дейінгі арнаны тазарту жұмыстарын жүргізетін болады.

Еске сала кетсек, кеше ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанаға жақын жатқан Майбалық көлінен Астана әуежайына қауіп төніп тұрғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу