Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, Алуаның отбасына елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.
"Құрылыс компаниясы пәтерді жөндеп, қажетті жиһазбен жабдықтауға көмектесетін болады. Бұған дейін отбасыға көрсетілетін басқа да қолдау шаралары туралы айтылған еді", – делінген ресми мәлімдемеде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу