Астана әкімдігі баспана алуға әлеуметтік көмек көрсететін жаңа бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды Astana TV.
Бағдарлама аясында мұғалімдерге, дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына құны 1 миллион теңге болатын сертификат беріледі. Шарт бойынша, көмекке ие болу үшін азаматтың мемлекеттік қызметте кем дегенде 5-7 жыл жұмыс істеген болуы керек.
Бағдарлама арқылы қалалық қызметтегілердің жоғары білікті мамандар корпусын құру көзделіп отыр. Алғашқы кезеңде 10 мың пәтерді беру жоспарда тұр. Кейін 20 мыңға артатын болады.
Үміткерлер елордада жаңадан бой көтерген үйлерге қоныстандырылады. Жоспарға сай, 1 шаршы метрінің бағасы 230 мың теңгеден аспауға тиіс.
Қазір Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін 17,5 мың қызметкердің 5 мыңдайы баспанаға зәру. Үйге мұқтаж тағы 9 мың адам білім беру саласында еңбек етеді. 4 мың тәртіп сақшысының 3 мыңға жуығы баспаналы болуды армандап жүр