Астана әкімдігі ЭКСПО аясында 600 мәдени шара өткізеді

706

Астана әкімдігі ЭКСПО аясында 600 мәдени шара өткізеді

Елорда әкімдігі ЭКСПО аясында 600 мәдени шара өткізеді. Мұны үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Әкімдік шамамен 600 шара ұйымдастырады. Біз 2 бағытқа көңіл бөліп отырмыз. Біріншісі, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық алаңдардағы баршаға қолжетімді халық серуені, отбасылық демалыс, мәдени шаралар", – дейді әкім.

Оның айтуынша, 9 тұрғын үй алабында концерттер ұйымдастырылып, елорданың 5 саябағында 90 күн бойы "Астана парк ленд" фестивалі өтеді. Фестиваль аясында балаларға арналған мыңға жуық шара ұйымдастырылады.

"Astana Art Fest" халықаралық фестивалі биыл "Nomad Energy" деген атаумен өтіп, онда 16 елдің қазіргі заманғы өнері көрсетіліп, көше театрлары қойылады. Қалалық театрлар мен цирк сахнасында да жоспарлы түрде қойылымдар көрсетіледі. Сонымен қатар ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді ілгерілетуге бағытталған бірқатар шара болады. Олар: ақындар, жазушылар, орындаушылар, үрмелі аспаптар байқаулары", – дейді Әсет Исекешев.

Әкімнің айтуынша, екінші бағытта туристердің назарына зәкірлі жобалар ұсынылмақ. Бұл жобалар алдағы уақытта елордаға туристердің ағылуына септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу