Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

182

Елордада бүгін жаңбыр жауды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады Фото: freepik

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғаққа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды: көшеде жүргенде, әсіресе жолдан өту кезінде мұқият болып, таймайтын аяқ киім киіп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.

"Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады", – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу