Астана әкімдігі Кіші Талдыкөлді қорғаушыларға митинг өткізуге рұқсат бермеді

881

Бұл туралы SOS.Taldykol қозғалысының парағында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Астана әкімдігі Кіші Талдыкөлді қорғаушыларға митинг өткізуге рұқсат бермеді

Елорда әкімдігі Кіші Талдыкөл көлдерін қорғау жөніндегі бастамашыл топтың бейбіт митинг өткізу ұсынысын қолдамады. "Астаналық цирк қойылымы жоспарланып отыр" деп жауап қатқан әкімдік. 

"Астаналық цирк" басшылығы 2021 жылғы 16-19 желтоқсан аралығында цирк қойылымының ұйымдастырылуына байланысты олардың ғимараты жанындағы алаңда басқа қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды жоспарламауды сұрайды. Осыған байланысты сіздің хабарламаңызды қанағаттандыру мүмкін емес", – деп көрсетілген елорда әкімдігінің 14 желтоқсанда жолдаған жауабында. 

Елорда мәслихатының шешіміне сәйкес, "Астаналық" циркінің жанындағы алаң – бейбіт жиналыстар өткізуге рұқсат етілген қаладағы үш орынның бірі. 

Айта кетейік, былтыр шілдеде елорда тұрғындары Кіші Талдыкөл көлдерінің жойылып бара жатқанына наразы болған. Содан бері белсенді тұрғындар жұмыс тобын құрып, көлдерді қорғауға 12 мың қол жинап, Президенттің кеңсесіне тапсырды және көлдерді толтыру Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық экологиялық конвенцияларға қайшы келетінін бірнеше рет қайталады. Осы жылдың қыркүйек айында экология министрлігі көлдердің су нысаны мәртебесін сақтауды жақтады. 

Ал әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов "Nur Otan" партиясының кеңсесіндегі белсенділермен кездесуде барлық мән-жайлар анықталғанға дейін топырақ төгі тоқтатылады деп уәде берді. Көп ұзамай белсенділер сонда да топырақ төгу жалғасып жатқанын және көлде фламинго бар екенін көрсететін бейне жариялады. Қазір Экология министрлігі де, қала билігі де көлдерді сақтауға уәде берді. Бірақ 602 гектар аумақтың шамамен 20 гектарын ғана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу