Астана әкімдігі: "Көктал-1" тұрғын алабындағы газ құбыры жөнделді

622

29 қараша күні 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Астана әкімдігі: "Көктал-1" тұрғын алабындағы газ құбыры жөнделді Фото: gov.kz

№15 ГТШП және №16 ГТШП қызмет көрсететін 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді. Бұл-Ақан сері, Қараменде би Шақұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің тұрғындары. Үшінші ГТШП бойынша бу қондырғысы бар арнайы көлікпен 75 абонентке ГТПШ жылыту жұмысы ұйымдастырылды.

"Көктал-1" тұрғын алабы абоненттерінің бір бөлігіне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуі барысында орташа қысымды газ құбыры зақымданғанына байланысты тоқтатылды.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ апаттық бригадасы дереу оқиға орнына шығып, қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

"Сарыарқа" ауданы әкімдігінің аппаратында штаб құрылды. Аудан әкімдігі көмір тасымалдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттердің бір бөлігі газға қайта қосылған.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ байланыс нөмерлері:

+7 (7172) 55-89-75,

+7 (7172) 55-63-36,

+7 (7172) 55-63-35,

+7 (7172) 55-63-31,

+7 (7172) 55-63-34,

+7 (7172) 55-63-33

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу