Астана әкімдігі көлік кешенін дамытудың бес жылдық жоспарын ұсынды

1136

Ондағы жоспарға сәйкес алдағы 5 жылда 121 шақырым жол, 3 көпір, 2 көлік айрығы, 1 жол өтпесі және 1 тоннель салу жоспарлануда.

Астана әкімдігі көлік кешенін дамытудың бес жылдық жоспарын ұсынды

Астананың көлік кешенін дамыту бағдарламасында қаланың жаңа аудандары мен ескі бөлігінде көшелерді салу және қайта жаңарту көзделіп отыр, деп хабарлайды elorda.info.

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун елорданың көлік кешенін дамыту бағдарламасын ұсынды. Ондағы жоспарға сәйкес алдағы 5 жылда 121 шақырым жол, 3 көпір, 2 көлік айрығы, 1 жол өтпесі және 1 тоннель салу жоспарлануда.

"Осы бағдарламада қаланың жаңа аудандарында және ескі бөлігінде көшелерді салу және қайта жаңарту жұмыстары көзделген. Мысалы, Кенесары көшесін 2 көпірі бар Күмісбеков көшесінен Бейсекова көшесіне дейін тесу Сарыарқа даңғылы және Бөгенбай батыр даңғылындағы және Сейфуллин көшесіндегі жүктемені едәуір төмендетеді. Ал Асан қайғы көшесінің Тәшенов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін жөнделуі Уәлиханов көшесінен 40% және Республика даңғылынан 25% пайыз жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Тәуелсіздік және Ұлы Дала даңғылдарын Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен қосу Мәңгілік Ел және Қабанбай батыр даңғылдарындағы көлік жүктемесін едәуір жеңілдетеді", - деді ол.

Сондай-ақ Сергей Хорошун осы жылдың соңына дейін 28 шақырым жаңа жол құрылысы аяқталып, тағы 7 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп мәлімдеді.

"Үш жыл ішінде қала әкімдігі көшедегі жолдарды салу мен қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді. 110 шақырым жаңа жол салынды, оның 65 шақырымы Оңтүстік-Шығыс, Ильинка, Комсомольский және басқа тұрғын алаптарында салынды", - деп Сергей Хорошун атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу