Астана әкімі аппаратының құрылымы өзгерді

1893

Астана әкімі аппаратының құрылымы өзгерді

Астана әкімдігі құрылымдық өзгерістердің (трансформациялау) негізгі қорытындыларын шығарды. Жаңа міндеттерді ескере отырып, қала әкімі аппаратының құрылымы өзгерді. Атап айтқанда, енді 19 бөлімнің орнына 14 қалды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Әкімдікте өткен мәжілісте құрылымдық өзгерістер туралы қала әкімінің аппарат басшысы Берік Жәкенов баяндады. Оның айтуынша, жергілікті мемлекеттік органдардың саны 22 бірлік, оның ішінде 4 аудандық әкімшілік, 17-і басқарма мен аппарат бар.

"Жаңа қала әкімі аппаратының құрылымы бірқатар өзгерістерді көздейді. Осыған сәйкес салалық бөлімдер алынып тасталады. Олар аппаратпен байланысты жүйелеп, бір үлкен ұйымдастыру жұмысын атқарған. Тұтастай алғанда "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ-нің тәртібін бақылау қызметі Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жүзеге асырады", - деді Берік Жәкенов.

Сонымен қатар, елорда әкімдігінің трансформациясынан кейін жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, қала әкімінің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және басқа да қызметтік хат-хабарларды жүргізу, жұмыс міндеттері қайта қаралады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша, Берік Жакенов қала әкімдігі аппаратының барлық бөліміне бір апта ішінде 2018 жылдың екінші тоқсанына арналған жоспарды әзірлеп бекіту жұмыстарын және 2018 жылдың соңына дейін ішкі құжат айналымды барынша қысқартуды тапсырды. Оның ішінде тапсырмаларды орындау және бақылауды күшейту, кеңсе - құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне бір айдың ішінде құжат айналымын кем дегенде екі есе қысқартуды тапсырды.

"Сонымен қатар, осы сәттен бастап орындаушылық тәртібінің мәселелеріне ерекше назар аударамыз, аппарат бар әкімдіктің қозғаушы күші болуы тиіс. Әркім әкімдіктің жаңа құрылымын ескере отырып, нақты блокқа жауапты болады және жауапкершілікті мойнына алады", - деді Берік Жәкенов.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған.

"Қала әкімінің аппаратында бастапқы кәсіподақ ұйымын құру өте маңызды және әлеуметтік жағынан қажет. Өйткені кең бағыттары бар", - деді Берік Жәкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу