Астана әкімдігі университеттерге 858 грант бөлді: оған кімдер үміткер бола алады

270

Әкімдік гранты еліміздің сегіз жоғары оқу орнына бөлінген. 

Астана әкімдігі университеттерге 858 грант бөлді: оған кімдер үміткер бола алады Фото: pexels.com

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік ақпаратынша, 2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асырып келеді.

"Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі", - делінген хабарламада.

Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнына бөлінген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Астана халықаралық университеті;

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты;

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық;

Астана медицина университеті.

Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу