Бұдан былай бас шаһарда дүниеге келген әрбір сәбиге өмірінің алғашқы кезеңіне қажетті заттары бар жиынтық табысталады, деп хабарлайды елорда инфо.
Сыйлық жиынтығы 17 заттан тұрады: тоқыма кеудеше, тоқылған бас киім, қолғап-сызаттар, тоқылған жамылғы, 2 жаялық, 2 жейде, 2 телпек, 4 жұп шұлық, конверт, сәбидің алжапқышы, сөмке. Баланың алғашқы айында қажетті бұл заттардың барлығы – отандық өнім. Ал күн сайын елордада 70-80 сәби дүниеге келеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        