Қалалық шешімдер бюросы қала тұрғындары мен билігі арасында тиімді байланыс құру үшін құрылды. Миссия ақылды технологиялар арқылы тараптардың диалогын орнатуға бағытталған. Астана билігі үш ай ішінде салалық бағдарламаларды жариялайтын болады, деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алғашқы тыңдаулар 12 қаңтар күні қоғамдық көліктің өзекті мәселелері бойынша өткен, екінші тыңдау 18 қаңтарда ПИК жұмысына арналды. Бюроның міндетіне елорда әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілерде шағымдар, пікірлер, өтініштер жинау кіреді. Одан ары түскен өтініштерге мониторинг жүргізу және оларды талдау арқылы аса маңызды тақырыптар іріктеліп, олар қала халқының қатысуымен қоғамдық тыңдауға шығарылатын болады. Өткізілетін шаралар шеңберінде талқыланатын барлық проблемалық мәселелер 24 сағаттың ішінде БАҚ-та жарияланатын болады. Осыдан кейін 15 күннің ішінде бюро сарапшылар қоғамынан, тұрғындардан және барлық мүдделі тұрғындардан кері байланыс алады. Жиналған ақпаратты өңдеп, жүйелегеннен кейін сауалдар қала билігіне орындауға беріледі.
Қалалық шешімдер бюросының жанынан жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8700 7172 109, осы номер арқылы қала тұрғындарынан хабарламалар қабылдайтын WhatsApp мессенджері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, info@suraa.kz электрондық поштасы бар.
Еске салсақ, 2016 жылдың қыркүйегінен Әсет Исекешевтің тапсырмасымен ақпараттық-талдау тобы құрылды, ол түрлі тақырыптар бойынша ағымдағы жағдай туралы қала тұрғындарының сын пікірлері орналасқан әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.