Астана әкімі Бейжіңге жұмыс сапарымен барды

593

Астана әкімі Бейжіңге жұмыс сапарымен барды

Астана әкімі Әсет Исекешев Бейжіңге жұмыс сапары аясында Қытай астанасының мэрі Цай Цимен кездесті. Жүздесу барысында екі бауырлас қаланың ынтымақтастық болашағы, соның ішінде Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Бейжің күндерін өткізу жайы талқыланды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әсет Исекешев Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы аясында іскерлік және мәдени байланысты кеңейтудегі туристік саланың әлеуеті зор екенін айтты және Бейжің туристерін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды.

ҚХР Халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитетінің ақпаратына сүйенсек, ЭКСПО-2017 аясында 300 мыңға жуық турист Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. 2017 жылдың 16-18 маусымынан бастап Астанадағы Бейжің күндерінен бастап үш айда Қытайдың 22 провинциясының делегациялары өз экспозицияларын ұсынып, іскерлік әлеуеті мен мәдениетін таныстырмақ.

Әсет Исекешев пен Цай Ци Астанадағы Қазақстан-Қытай жобаларының бірі – жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысы жобасын іске асыру жайын талқылады.

Бұдан басқа, әкім Астана мен Бейжің арасында көлік басқару саласында тұрақты әріптестікті және тәжірибе алмасуды жолға қоюға мүдделілік танытты.

Сондай-ақ елорда басшылары экономикалық салада ынтымақтастықты кеңейту жөнінде бірқатар бағытты белгіледі.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев Бейжіңнің көлік жүйесін басқару орталығында болып, Қытай астанасында ірі шараларды өткізу кезінде көлік жұмысын ұйымдастырумен танысты.

Сапар аясында Астана әкімі көлік, құрылыс, индустриялық парктерді, "смарт"-технологияларды дамыту, спорттық нысандарды басқару салаларындағы Қытайдың алдыңғы қатарлы компанияларының өкілдерімен кездесті.

Бұған қоса, Әсет Исекешев ШЫҰ хатшылығында болып, ұйымның бас хатшысы Алимовпен Астана қаласының осы бірлестікпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу