Астана әкімі грантына үміткерлерден құжат қабылдана бастады

847

2018-2022 оқу жылдарына күндізгі оқу бөліміне 1000 орын бөлінді.

Астана әкімі грантына үміткерлерден құжат қабылдана бастады

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындыларына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік білім тапсырыстары орналастырылатын 12 жоғары оқу орнының тізімі анықталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Осылайша, 2018-2022 оқу жылдарына күндізгі оқу бөліміне 1000 орын бөлінді.

Білім грантына ие болуға ниет білдіргендер өз құжаттарын тиісті оқу орнына тамыздың 11-нен 15-не дейін тапсыруы керек. 

Құжаттар қабылданған соң, Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында грант иегерлерінің тізімі жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу