Елорда әкімі халықтан кешірім сұрады

945

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жарықтың не үшін сөніп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорда әкімі халықтан кешірім сұрады Фото: dknews.kz

"Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу