Әсет Исекешев Астана тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана әкімі халыққа жаңажылдық құттықтауын жеткізді. Қала басшысы өткен жылдағы жетістіктерге тоқтала келе, келер жылдың да Қазақстан үшін табысты болуын тіледі.
"Бүгінде елордамыздың Алатау баурайынан Арқа төсіне ауысқанына жиырма жыл. Бұл өткенімізді саралап, келешекті бағамдайтын маңызды сәт. Жиырма жылда Астана адам танымастай өзгерді. Астананы дамытудың ұзақ мерзімдік жоспары өз мерзімінде орындалып келеді. Жаңа 2018 жыл да еліміз бен Елорда тарихында маңызды өзгерістермен есте қалады деп сенемін! Сіздерге Жаңа жылда жаңа табыс, мол бақыт тілеймін!", - дейді құттықтауында әкім.