Астана әкімі И.Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

193

Бұл Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды.     

Астана әкімі И.Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Фото: gov.kz

Бас шаһардың әкімі И.Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 

"Құрметті елорда тұрғындары! Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бүгін генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойдық. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық.

9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірін құрбан етіп, елінің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғап қалған батырларды еске алу күні. Соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың жүздеген мыңы майданнан сол қалпы оралмады. Олардың ерлігі, жанқиярлығы мен төзімділігі – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілеймін!" – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу