Астана әкімі қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті

708

Астана әкімі қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті

Бүгін кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясында қала әкімі Әсет Исекешев және "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев қаланың бизнес-құрылымдарымен форум өткізді.

Конференцияда кәсіпкерлікті дамытудың басты басымдықтары талқыланды, сондай-ақ, елорда нарығына ауыл шаруашылық өнімдерінің тікелей жеткізілімдерін ұйымдастыру мүмкіндіктері және қаланың бизнес ортасын жетілдіру жайы талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, елордада бизнестің барлық салаларын одан әрі дамыту, МЖӘ жобаларын келісу процедураларын барынша оңтайландыру бойынша ҰКП ұсыныстары айтылды.

Жер телімдерін пайдалану мақсатын, тұрғын үй емес нысандардың функционалдық арналуын өзгерту, салықты уақытында төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету, энергетика, көлік, логистика, ТКШ қызметтерінің құнын төмендету мәселелері қаралды.

"Біз көтерме-тарату орталығына басымдық беріп отырмыз, және оңтүстік өңірлердің фермерлері үшін және Орталық Азия өнімдері үшін Астана базарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірнеше көтерме-тарату орталығын құру жоспарланған, яғни, ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізілімдері үшін барлық тосқауылдарды алып тастау қажет. Қала әкімдігінде биыл МЖӘ бойынша 34 жоба жоспарланған. 6 балабақшаның құрылысы бойынша инвесторлар арасында байқау өтті. Жатақханалардың құрылысы, жылы аялдамаларды орнатуға базарлар және т.с.с. орташа нысандар МЖӘ бойынша бәсекелестік ортаға берілмек. Біз көптеген мемлекеттік қызметтерді аутсорсингке беруге әзірміз, мысалы, қар жинау сияқты жұмыстарды. Қаладағы көп шаруаны жеке инвестиция есебінен іске асыру көзделіп отыр", - деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

Конференцияда елорда кәсіпкерлеріне елорда әкіміне және "Атамекен" ҰКП басшылығына өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу