Астана әкімі "Көктал 2" елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

503

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды. 

Астана әкімі "Көктал 2" елді мекенінің тұрғындарымен кездесті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Көктал 2" елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары инженерлік желілер, газдандыру, камералар, бағдаршамдар орнату, маршруттарды іске қосу, тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік нысандарды жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Кейбір мәселелерге қысқаша тоқталып өтейін. Мәселен оқушы орындарының санын арттыру үшін "Көктал 2" елді мекенінде 2 мың орынға арналған жайлы мектептің (Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы) құрылысы басталды. Оны келесі жылы тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Сарыарқа ауданы да елді мекен сияқты газдандырылған. Бірақ жекелеген тұстары да жоқ емес. Олар бойынша жауапты басқарма тиісті мерзімдерін белгілейді. Сондай-ақ кейбір инженерлік инфрақұрылым желілерін коммуналдық қызметтердің балансына беру ісінде проблемалар бар.

Бейнебақылау камералары бойынша да мәселелер көтеріледі. Биыл қалада мыңға жуық камера орнатуды жоспарлап отырмыз, оның 300-ін Сарыарқа ауданына, 100-ін "Көктал-1" және "Көктал-2" елді мекеніндеріне орнатамыз.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) желісі бойынша салынған тұрғын үй кешендері жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Кемшіліктерді бірге жоямыз.

Кездесуде көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу