Дегенмен әр тұрғын мен көпбалалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын "ашық есік" апталығының аясында аудан әкімдіктеріне бара алады. Аталмыш шара 22-ақпанға дейін жалғасады.
Әкімдік өкілдері қала басшысының жеке қабылдамау себебін тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігімен байланыстырды. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтармен кездесу төрт әкімдікте құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен өтеді. Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздары жүйеленіп, талдау жасалады. Қазіргі таңда ұсыныстар үкімет жанынан құрылған азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды күшейтумен айналысатын жұмыс тобының қарауында.