Астана әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

324

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Құрылтай сайлауында дауыс бергені туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді Фото: Астана әкімдігі

"Бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ", – деді Астана әкімі.

Сайлау – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалғанын және сайлау учаскелерінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу