Астана әкімі LRT-ға соғылған көлікке қатысты барлық деректер ұсынылатынын айтты

382

Көліктің соғылуына әкелетін еш кедергі болмаған. 

Астана әкімі LRT-ға соғылған көлікке қатысты барлық деректер ұсынылатынын айтты Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Орталық коммуникациялар алаңында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жақында болған апат туралы айтатын болсақ, оның нақты себебі тергеу амалдарынан кейін ғана анықталады. "Сергек" камераларынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, ол жерде апатқа әкеліп соғатын ешқандай кедергі болмаған. 

Бұл жерден күн сайын жүздеген мың көлік өтеді. Осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат шыққан бетте, біз барлық деректерді ұсынамыз. Менің ойымша, Полиция департаменті бәрін объективті түрде зерделейді", - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу